Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында 300-ден аса ірі қарадан бруцеллез анықталды

Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2018 21:58 Аktobenews.kz
Облыс бойынша оның 303 басынан ауру белгілері анықталып отыр.

Бүгін «Ақтөбе ақпарат» орталығында шұғыл баспасөз мәслихатын өткізген облыс ветеринарлары мал ауруына қатысты жағдайды баяндады. Шенеуніктерді аяғынан тік тұрғызған Ойыл аудадындағы ірі қаралардың жаппай бруцеллезге шалдығуы. Ойыл ауданының екі бірдей ауылындағы малға қорадан шығармауға шектеу қойылған, карантин жарияланбаған. Мамандар себебін түсіндірді, деп хабарлайды Аktobenews.kz.

«Ойыл ауданының Шығанақ Берсиев және Саралжың ауылдарынан 14 000 мүйізді ірі қарадан қан алынған болатын. Жүзден аса малдан ауру белгілері анықталды. Қазіргі уақытта ол ауылдардағы малға шектеу шаралары қойылған. Әр 15 күн сайын қан алынып, аурудың таралып кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр. Бруцеллез кез келген жағдайда берілуі мүмкін. Бұл ауылдарда малға шектеу қойылды», — дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев.

Басшы малдарынан ауру белгілері анықталған тұрғындарға төленетін өтемақыны да түсіндіріп кетті.

«Қазіргі таңда өтемақы алуға қатысты ештеңе айта алмаймыз. Себебі тиісті құжаттар әлі жиналған жоқ. Мал иесі барлық тиісті құжаттарды тапсыру керек. Мал бағасын есептеуде ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы бар. Облыстық комиссия шешім шығарады. Комиссия малдың бағасын анықтайды. Бүгінгі күнге орташа бағасы ірі-қара мал етінің келісі 1380 теңге. Бруцеллез Ақтөбеге кеше келген ауру емес. Созылмалы ауру болғандықтан Қазақстанда 50 жылдан бері кездеседі. Жыл сайын оған бюджет есебінен қаражат бөлініп, тексеріліп отыр. Өткен жылы 573 мыңнан аса ірі қара тексерілді», — деді Кеңес Қанатбаев.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысының барлық ауылдарында ірі қара мал тексеріліп жатыр. Барлығы 47 292 ірі қарадан қан алынған. Облыс бойынша оның 303 басынан ауру белгілері анықталып отыр.

Ойыл ауданының әкімі де жағдайды бақылауында ұстап отырғанын айтты.

«Ойыл ауданы бойынша жағдай аудан әкімінің бақылауында. Ветеринар мамандардың жұмысын үнемі бақылап отырамыз», — деді Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: