Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында аса ірі көлемде экономикалық контрабанда айғағы анықталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2018 19:52 Zakon.kz
Декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар жалпы сомасы 60 млн теңгеден аса тұратын тауарлар анықталды.

Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі кеден қызметімен бірлесе отырып «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қалжат» өткізу бекетінде аса ірі көлемде экономикалық контрабанда айғағын анықтады. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар жалпы сомасы 60 млн теңгеден аса тұратын тауарлар анықталды. Тауарлардың төлену қажет кедендік төлемдері мен салығының сомасы 13 млн теңгені құрады.

Жоғарыда айтылған айғақ бойынша ҚР ҚК 234 бабы 2 бөлігі 4 тармағы (аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

2017 жылы Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі кеден саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша 47 сотқа дейінгі тергеу өнідірісін аяқтап істерді сотқа жолдаған болатын.

Жалпы сомасы 971 613 584 теңгені құрайтын мүлікке бұлтартпау шарасы қабылданып, конфискацияланатын сомасы 925 751 147 теңгені құрады.

Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі бұл бағытта жұмысты тұрақты жүргізетін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: