200 мың доллар мен 4,4 млн рубль – ҰҚК шекарада ірі көлемде валюта анықталғанын хабарлады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі он күн ішінде декларацияланбаған валютаны елден алып шығудың 59 әрекетіне тосқауыл қойды. Валютаның жалпы сомасы теңгеге шаққанда 508 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2026 12:16 Сурет: gov.kz
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметі он күн ішінде декларацияланбаған валютаны елден алып шығудың 59 әрекетіне тосқауыл қойды. Валютаның жалпы сомасы теңгеге шаққанда 508 млн теңгеден асады, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 қарашада Ақтөбе облысында шекарашылар Қазақстан азаматының жүгінен 4 441 500 рубль тапқан. Бұл – шамамен 23 млн теңге.

Ал 23 қарашада "Қордай" өткізу пунктінде шетел азаматы 200 мың долларды шекарадан жасырын алып өтпек болған. Бұл сома шамамен 91 млн теңгеге тең.

"Аталған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеулігіне қарай құзыретті органға берілді", – деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметі.

Шекара қызметі Қазақстаннан сомасы 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны алып шығуға тыйым салынғанын тағы да еске салды.

Бұған дейін ҰҚК сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйақы төлеуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: