10 күнде 70 әрекет: ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсетті
Фото: Zakon.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2026 жылғы 11 тамызда декларацияланбаған валютаны Қазақстаннан заңсыз әкету әрекеттерінің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҰҚК мәліметінше, Шекара қызметі ақшалай қаражатты ел аумағынан заңсыз әкетуге жол бермеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
"Биыл 1-10 тамыз аралығында өткізу пункттерінде осындай 70 әрекет тіркелді. Тәркіленген декларацияланбаған валютаның жалпы сомасы 645 млн теңгеден асты", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Осындай жағдайлардың бірінде Жамбыл облысындағы "Қордай" автокөлік өткізу пунктінде шекаралық бақылау кезінде шетелдік азаматтың киімінің астынан жасырылған 70 мың доллар табылды. Бұл – 32 млн 550 мың теңгеге балама қаражат.
"Аталған деректер бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін тергеу ретіне сәйкес құзыретті органға жолданды", – делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан заңнамасында белгіленген мөлшерден, яғни 10 мың доллардан асатын қолма-қол ақшаны республика аумағынан алып шығуға тыйым салынғанын еске салды.
2026 жылғы 4 тамызда ҰҚК есірткі бизнесіне қарсы күрестің ауқымды нәтижелерін жариялаған еді. Ведомство мәліметінше, 114 Қазақстан азаматы мен 7 шетелдік ұсталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript