180 млн теңгенің контрабандалық тауарын Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған
Сурет: gov.kz
Бүгін, 2026 жылғы 10 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі миллиондаған теңгенің темекі өнімдерін заңсыз әкелудің жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек, заңсыз өткізу фактісі Жамбыл облысындағы "Қарасу" автомобиль өткізу пунктінде тіркелген.
"Жүк автокөлігінің жасырын жеріне 360 мың қорап темекі өнімдерін тығу арқылы Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған. Алдын ала бағалау бойынша алынған темекі өнімдерінің құны 180 млн теңгеден асады". ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Атап өтілгендей, ұсталған тауар одан әрі тексеру жүргізу үшін тиісті органға тапсырылды.
Жыл басынан бері ҰҚК Шекара қызметі темекі өнімдерін заңсыз алып өтудің 93 фактісінің жолын кесті, олардың жалпы құны 386 млн теңгені құрады.
Бұған дейін ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript