Қазақстанға 200 миллион теңгенің темекісін өткізбек болған
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі республикаға ірі көлемдегі контрабандалық темекінің әкелінуін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың мамыр айында "Сырым" (Батыс Қазақстан облысы), "Сыпатай батыр" және "Қарасу" (Жамбыл облысы) автокөлік өткізу бекеттерінде темекіні заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Барлығы 200 миллион теңгеден астам сомаға 380 мың қорап темекі тәркіленді.
Арнайы жабдықталған көлік қоймаларынан темекі табылды.
Қосымша тергеу үшін тәркіленген жүк аталған облыстардың экономикалық тергеу басқармаларына берілді.
Бұған дейін Алматыда өмірге қауіп төндіретін алкоголь мен сыра табылған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript