Шымкентте арнайы операция: ҰҚК "Cola" сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 13:57 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен келісе отырып, аса ірі көлемдегі метамфетаминнің контрабандалық арнасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен метамфетаминнің ірі партиясының контрабандалық арнасын жойды.

Шымкент қаласында жүргізілген операция нәтижесінде есірткі алуы барысында осы арнаны ұйымдастыруда күдікті шетелдік азамат ұсталды.

"Ауыр жүк көлігін тексеру барысында "Cola" сусынында еріген 90 литрден астам есірткі табылып, тәркіленді. Сараптамамен сұйықтықтың құрамындағы тыйым салынған заттардың концентрациясы 80% - дан асатыны анықталды." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: