ҰҚК Қазақстанның үш өңірінде арнайы операция жүргізді
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп Целиноград ауданындағы ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның 2023 жылғы 23 қазанда таратқан ақпаратына сәйкес, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді.
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
"Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 17 қазан күні Шымкент полицейлері есірткі зертханасын жойды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript