ҰҚК қызметкерлері ШҚО-да арнайы операция жүргізді
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды. Екі күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамызда Қазақстанның екі азаматы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
"Тінту барысында 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді", делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетсек, Түркістан облысында полицейлер екі аптада есірткіге қатысты 11 қылмыстың жолын кескен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript