299,6 мың АҚШ доллары мен 102,5 млн рубль: ҰҚК ақша қаражатын заңсыз әкетуге жол бермеді
Сурет: gov.kz
Мәселен, 2026 жылғы 2 маусымда Атырау облысы "Құрманғазы" өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған.
Ал, 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетелдік ұсталды.
Бүгінде материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзырлы органдарға берілді.
Ведомство атап өткендей, жалпы жыл басынан бері 6,9 млрд теңге сомасына декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылды.
Құзырлы орган қазақстандықтарға заңнамада белгіленген сомадан жоғары (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салды.
Бұған дейін Қазақстанда қылмыстық топ құрып, есірткі бизнесімен айналысқан шетелдіктерге үкім шыққанын жазғанбыз.