Жаңалықтар тізбегі
0

Профессиямды жек көріп келіп, сүйіп кетіп бара жатырмын – Асанәлі Әшімов

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2018 23:16 inform.kz
Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов мамандығының халықпен тығыз байланысты екенін айтты.

ҚР Халық Әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов өз мамандығын жек көріп келіп, сүйіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Today.kz.

"Мен үшін бүгін тарихи күн. Үлкен толғаныстамын. Ел туралы көп мағлұмат алып, ортаға қайтып бара жатырмын. Өнеріміз, талантымыз сізге арналады. Әртіс үшін халықтың сүйіспеншілігінен артық марапат жоқ. Мен өз профессиямды жек көріп келіп, сүйіп кетіп бара жатырмын", – деді Асанәлі Әшімов Атырау облысы әкімінің халықпен кездесуінде.

Атырау облысы әкімінің есебін тыңдауға келген тұрғындарға Әшімов өзінің мамандығы туралы айтып, бір серпілтіп алды.

"Мен Бекежанның адвокатымын. Бекежанды жақсы жағынан көремін. Бекежан елге еңбегі сіңген жігіт. Өзінің сүйген қызын жар етіп алғысы келеді. Оның алдынан ештеңе тындырмаған, тек бет-әлпеті әдемі Төлеген шыға келеді. Қыздар үнемі сондайға қарайды ғой. Бекежан Төлегенге түсіндіріп айтты жөніңмен кете ғой деп. Енді өлтірмегенде басқа не істеуі керек еді? (күліп). Бекежан жаман кейіпкер емес. Жаман адамның жүрегінде махаббат болмайды ғой... Біздер сахнада президенттен бастап дворникке дейін ойнаймыз. Әр ойында халыққа айтқымыз келген, жеткізгіміз келген ой, сөз болады. Біздің жұмысымыз халықпен тығыз байланысты", – деді қазақ өнерінің абызы Әшімов.

Асанәлі Әшімов облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді.

"Бүгінгі жиын маған ұнап жатыр. Қойылып жатқан сұрақтар да, оған Нұрлан Асқарұлының беріп жатқан жауабы да жап-жақсы. Меселелерді шешуге Нұрлан Асқарұлының білімі де, осы елдің байлығы да жетеді. Осы облыстың байлығы бүкіл елге жетеді. Барлық облыс ұйықтап жатқанда осы облыс жұмыс істесе түгел елді асырай алады", – деді Әшімов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Атырау облысы әкімінің тұрғындармен кездесуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: