Жаңалықтар тізбегі
0

Асанәлі Әшімов жеке заттарын архивке тапсырды

Асанәлі Әшімов жеке заттарын архивке тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 15:00 Сурет: Instagram/assanali.ashimov
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов өзінің қолжазбаларын, ордендерін және өзге де заттарын архивке тапсырды.

Осыған орай Алматыдағы мемлекеттік архивте "Кино және театр тарланы – Асанәлі" музей-бұрышының салтанатты ашылуы өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Асанәлі Әшімовтың жеке қоры архивке 438-ші болып тіркелді. Құжаттар саны 200-ден асады. Кез келген қала тұрғындары мен қонақтары архивтегі заттарды алдын-ала өтінім беру арқылы көре алады. Қазақстанның Еңбек Ері біз ары кетсе жүз жасармыз, ал бұл заттар мың жасайды дейді.

"Бұл деген сөз тарих. Келешекке керек. Келешек ұрпаққа керек. Әр қойылған экспонат бұл тарихи еңбектерің сенің жазған. Түскен суреттерің. Фильмнен, театрдан кадрлер бар. Мұның барлығы тарих." Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек ері, театр және кино режиссері

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: