Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада тұрғын үйден өрт шығып, бес адам құтқарылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 23:16 Zakon.kz
Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде жанып жатқан пәтерден балалар терезе арқылы құтқарылған.

Астанадағы Nova City тұрғын үй кешенінде өрт шығып, бес адам құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті: адамдар балаларды терезе арқылы жоғарғы қабаттан, төменгі қабатқа түсірді. Үй маңында халық көп жиналған.

Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, өрт туралы хабар диспетчер пультіне 2 наурызда сағат 14:19 кезінде түсіпті.

Оқиға орнына төрт негізгі және үш арнайы өрт сөндіруші көлік жіберілді. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құраған, балкондағы үй заттары жанған екен.

"Оқиға орнына 14:27-де жеткен кезекші жасақ тоғыз қабатты "Nova City" тұрғын үй кешенінің жетінші қабатында пәтерден өрт шыққанын анықтады. Өрт сөндіру барысында 5 адам құтқарылды", — деп мәлімет берді ведомство.

Өрт 14:52-де ауыздықталып, сөндірілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: