Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Атырауда жұмысшылардың тірідей жанып кетуіне кінәлілер 10 жылға сотталуы мүмкін

Кінәлілер анықталса 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Сурет : Sn.kz6 Наурыз 2018, 09:41

Атырау облысындағы осы сұмдық оқиғадан қаза тапқандарға туыстарының қатысуымен геномдық сараптама жүргізілген. Ал жұмысшылардың нақты неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптама арқылы, яғни бір айдан соң белгілі болмақ. Сондай-ақ, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады КТК телеарнасы.

- Аталған өрт оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл бапта өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу нәтижесінде абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу әрекеттері жазаланады осы бап негізінде, - деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Бұл бап бойынша, кінәлілер анықталса 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты демалыс күндері Атырауға келген еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев өрт кезінде зардап шеккендердің жағдайын білді. Сөз арасында ол қаза тапқандар мен зардап шеккендердің барлығына жұмыс беруші және мемлекет тарапынан өтемақы төленетінін де айтты. Өйткені, жұмысшылардың барлығы сақтандырылған екен. Қазіргі кезде оқиға болған нысандағы жұмыс тексеріс біткенше тоқтатылып, жұмысшылар үйлеріне жіберіліпті. Бірақ жалақылары сақталмақ. Осы қайғылы жағдайдан кейін мердігер компанияға қарасты жатақханалардың барлығы жедел тексеріліп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер