Қазақстандық гимнастшы Ригада өткен турнирде күміс жүлдегер атанды

olympic.kz olympic.kz
Отандасымыз лентамен сайыста екінші нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы Алина Әділханова Ригада өткен көркем гимнастикадан «Baltic Hoop 2018» халықаралық турнирінде екінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз лентамен сайыста екінші нәтиже көрсетті. Жеңіс болгариялық Катрин Тасеваға бұйырса, оның отандасы Юлия Евчик қола жүлдені қанағат тұтты.

- Бұл біздің биыл халықаралық жарыстардағы алғашқы жүлдеміз. Жарысқа мықты спортшылар қатысты. Алина Әділханова - енді-енд3 әйелдер гимнастикасында өнер көрсетіп бастаған жас гимнасшымыз, - деді көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алия Юсупова.

Көркем гимнастика

«Baltic Hoop 2018», Рига, Латвия

1. Катрин Тасева (Болгария) - 15600
2. Алина Әділханова (Қазақстан) - 14900
3. Юлия Евчик (Болгария) - 14850

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз