Дмитрий Панарин бадминтоннан Камерунда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды

Дмитрий Панарин бадминтоннан Камерунда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 13:19 Сурет: olympic.kz
Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша, Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.

Еске салайық, бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Пангарюште (Болгария) өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль иеленген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: