Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгариядағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгариядағы турнирдің қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 09:27 Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Пангарюште (Болгария) өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир барысында Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1 есебімен, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0 есебімен және Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді.

Сондай-ақ украиналық Анастасия Димитренкоға 1:3 есебімен есе жіберген. Нәтижесінде Зәуреш үшінші орынға табан тіреді.

Турнирге қатысқан қазақстандықтар арасынан ширек финалға дейін жеткендер:

  • Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс),
  • Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс),
  • Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс),
  • Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс),
  • Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп).

Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанған еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: