Зәуреш Ақашева үстел теннисінен Польшада өткен турнирде қола жүлдегер атанды
Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Польшаның Гданьск қаласында өткен WTT Feeder Gdansk халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс барысында Ақашева Израиль теннисшісі Элинора Давыдованы, Польша спортшысы Наталья Гаевскаяны және Хорватия өкілі Матея Йегерді жеңді.
Алайда жартылай финалда Жапония спортшысы Хитоми Сатодан жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Михаил Шайдоров АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада үшінші орын алғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript