Үстел теннисі: Жәния Бекмұхамбетова Испаниядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 13 жасқа дейінгі жас санатында топ жарды.
Жеңіске жету жолында Жәния Италия, Испания, Венгрия, Германия және Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Жәния бұған дейін Болгариядағы турнирде жеңіске жеткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript