Қазақстан бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді

Қазақстан бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2025 13:14 Сурет: olympic.kz
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілдері Дмитрий Панарин мен Мақсұт Тәжібуллаев Аккрада (Гана) өткен JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар ерлер арасындағы жұптық сайыста үшінші орынға ие болды.

Спортшылар турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Алайда бұл кезеңде үндістандық Абинаш Моханти мен Аюш Паттанаякке есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.

Еске салайық, бұған дейін еркін күрес шебері Едіге Қасымбек U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күресетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: