Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен турнирде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2024 21:03 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшылар бадминтоннан Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы Bahrain International Series II турнирінде Қазақстанның қос спортшысы Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек аралас жұп категориясында өнер көрсетті.

Финалда қазақстандық жұп Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек үндістандық Кона Тарун және Шри Кришна Прия Кударавалли жұбымен кездесті. Панарин мен Жұмабек 18-21, 21-18, 21-12 есебімен жеңіске жетіп, аралас жұп категориясында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, аталмыш турнирде Дмитрий Панарин жекелей сында 6 кездесу өткізіп, қола медаль жеңіп алған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: