Қазақстан спортшылары бадминтоннан Болгарияда өткен беделді турнирде қос қола медаль ұтты

Қазақстан спортшылары, жасөспірімдер, бадминтон, Болгария, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 18:58 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Болгарияның Пазарджик қаласында өткен VICTOR Bulgaria Junior Challenge 2025 турнирінде қос жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталмыш жарысқа әлемнің 25 елінен спортшылар қатысты.

Біздің спортшылар екі мәрте қола жүлдені иеленіп, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Диана Наменова мен Алиса Кулешова әйелдер жұптық сайыста үшінші орын алды.

Ал Арнур Тапишев пен Алиса Кулешова аралас жұптық бәсекеде қола медальға қол жеткізді.

Бұған дейін "Астана" велокомандасы сапында қай спортшылар өнер көрсететіні белгілі болған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: