Дмитрий Панарин бадминтоннан Нигериядағы турнирде қола жүлдеге ие болды
Сурет: olympic.kz
Бадминтоннан Қазақстан құрамасының өкілі Дмитрий Панарин Нигерияның Лагос қаласында өткен Lagos International Classics 2026 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дмитрий Панарин Үндістан өкілі Пранаув Рам Нагалингамды 2:1 (19:21, 21:11, 21:10) есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады. Кейін нигериялық Саиду Алиуды 2:0 (21:8, 21:12) есебімен ұтты.
Ширек финалда қазақстандық спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Шашаанк Саи Муннангиден 2:0 (22:20, 21:14) басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда Панарин Үндістан өкілі Танкaра Гнана Датту Таласиламен кездесті. Тартысты өткен матчта қарсыласы 2:1 (21:19, 20:22, 21:1) есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Дмитрий Панарин турнирді қола медальмен аяқтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript