Тур де Франс-2025: "Астана" велокомандасы сапында қай спортшылар өнер көрсететіні белгілі болды

 Тур де Франс-2025, Астана велокомандасы, құрамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 17:11 Сурет: Instagram/xds_astana_team
5 шілдеде әлемдегі ең әйгілі велоспорттан - "Тур де Франс" көпкүндігінің 112-маусымы шымылдығын түреді. Жарысқа 23 команда, соның ішінде Қазақстанның - Xds Astana-сы да қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

XDS Astana Team командасынан 5 шілде мен 27 шілде аралығында өтетін "Тур де Франс" көпкүндігіне қатысатын спортшылар тізімі анықталды.

Команда құрамындағылар: Давиде Баллерини (Италия), Кейс Бол (Нидерланды), Клеман Шампуссан (Франция), Евгений Федоров (Қазақстан), Серхио Игита (Колумбия), Майк Тёниссен (Нидерланды), Харольд Техада (Колумбия), Симоне Веласко (Италия).

Спорт директорлары Дмитрий Фофонов (Қазақстан), Марк Реншоу (Австралия) және Стефано Занини (Италия) болады.

Биылғы жылғы бірінші нөмір "Тур де Франс" жеңімпазы, всловендік велошабандоз – Тадей Погачарге (UAE Team Emirates XRG) тиесілі. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: