Зарина Дияс Қытайдағы турнирде Мария Шараповадан жеңіліп қалды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2018 21:51 Sputniknews.kz
Дияс жеке сайыста Шараповаға осымен үшінші рет есе жіберді.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Шэньчжэньдегі (Қытай) турнирдің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Дияс ширек финалда WTA рейтингінде 59-орында тұрған ресейлік Мария Шараповадан 6:3, 6:3 есебімен ұтылып қалды.

Шарапова енді чехиялық Катерина Синякова – Кристина Плишкова жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Дияс жеке сайыста Шараповаға осымен үшінші рет есе жіберді.

Шэньчжэньдегі турнирде Зарина Дияс француз Полин Пармантье (6:3, 6:4) мен қытайлық Чжан Шуайды (6:3, 6:7, 6:4) ұтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: