Зарина Дияс Уимблдон іріктеуінің финалында жеңіліп қалды

Зарина Дияс Уимблдон іріктеуінің финалында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 19:48 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Уимблдон іріктеу кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зарина Дияс іріктеудің соңғы кезеңінде қытайлық Бай Чжосюаньмен кездесіп, 2:6, 5:7 есебімен екі сетте жеңілді.

Қазақстандық теннисші матч кезінде бір эйс жасап, екі рет допты ойынға бере алмады, үш брейк-пойнттың үшеуін де өз есебіне жазды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Евсеев пен ЖұқаевКукушкин мен Скатов та Уимблдонның негізгі кезеңіне шыға алмағанын хабарлаған едік.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: