Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ЖОО-ның мұғалімдері Мемлекет басшысының үндеуіне қатысты пікір білдірді

Қыздар Университетінің оқытушылары Президенттің үндеуі кемел келешек жолында атқарылуы тиіс ауқымды істердің айқын дәлелі іспеттес деп топшылайды.

Сурет : 6 Наурыз 2018, 17:41

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz, оқу орнының баспасөз орталығының жетекшісі Жандар Асан берген ақпаратқа сілтеме жасап.

"Біз, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі – Қазақстанның келешегін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары, мемлекеттің әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған тың қадамдары деп сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысының үндеуіндегі бастамалар отандастарымыздың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін, зияткерлік сапасын жоғарылатуды һәм жақсартуды көздейді. Әсіресе, Президент баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуге жете мән беріп отыр. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының егемендіктің елең-алаң шағындағы ауыр кезеңдерде қиыншылықтан шығудың жолдарын ұсынып, ширек ғасырдан астам ғана уақыт аралығында Қазақстанды әлемнің беделді мемлекеттерінің санатына қосып, ел азаматтарының баянды болашағы жолындағы атқарылуы тиіс орасан істердің жауапкершілігін өз мойнына алатындығын ерекше атап өткен жөн", – деп пікір білдірді ұстаздар.

Сонымен қатар, Қыздар Университетінің оқытушылары Президенттің үндеуі кемел келешек жолында атқарылуы тиіс ауқымды істердің айқын дәлелі іспеттес деп топшылайды. Бес әлеуметтік бастамадағы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», «Шағын несие беруді көбейту» және «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» сынды басымдықтар экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан да соны серпін береді.

"Дамудың даңғыл жолына бағыт алған болашағы баянды елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпағымен кеңейетіндігі, оларды мемлекеттің тұтқасы етіп тәрбиелеу қажеттігі Елбасының халыққа арнаған Жолдауына үнемі айтылып келеді. Ал, оны іске асыру мұғалімге жүктелген мәртебелі міндет. Сөз соңында Мемлекет басшысының үндеуінде атап көрсетілген бастамалар елімізде азаматтардың болашағына деген қамқорлықтың нақты іс жүзінде орындалатындығының нақты нышаны", – деп атап өтті педагогикалық оқу ордасының профессор-оқытушылары.

"Үндеуді барша отандастарымызбен бірге Қыздар Университетінің ұжымы да қолдайды және құжатта көрсетілген өз саламызға қатысты міндетті алдағы уақытта іске асыруға өз үлесімізді қосатын боламыз", – дейді олар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер