Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай Си Цзиньпиннің мәңгілік билігін қолдады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2018 17:53 Baq.kz
2964 бюллетеньнен бұл өзгеріске тек екі-ақ адам қарсы болған және үш өкіл дауыс беруден түбегейлі бас тартқан.

Кеше Қытай Парламенті ел Конституциясына бірнеше өзгеріс енгізді, соның бірі – президент Си Цзиньпиннің белгісіз мерзімге тақта отыра беруіне рұқсат береді. Бұған дейін 2 рет қатар 5 жылдан президент ел басқаруға сайлануға құқылы болса, енді бұл шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Baq.kz CNN басылымына сілтеме жасап.

Конституцияның жаңа бабы үшін Пекиннің Үлкен залында Жалпықытай ұлттық өкілдерінің 3000 делегаты дауыс берді. 2964 бюллетеньнен бұл өзгеріске тек екі-ақ адам қарсы болған және үш өкіл дауыс беруден түбегейлі бас тартқан. Яғни, қарсы тараптың өте аз болғаны анық.

Қазір билікте отырған коммунистік партия бұл өзгерісті енгізу туралы ұсыныстарын 25 ақпанда жариялады. 64 жастағы Си - кезінде ел басқарған басшылардың ішінде Мао Цзэдуннан кейінгі халық жақсы көретін тұлға. Сондықтан болар, Конституцияға мұндай өзгеріс енгізуді көпшілік «партия мен халықтың ортақ қалауы» деп атады.

Ал сарапшылар өзге пікірде. China Youth мемлекеттік газетінің экс-редакторы Ли Датонг: «Си осы шешім арқылы өзіне үлкен шұңқыр қазып отыр. Жоғарғы басшының шексіз билігі Қытайдың саяси ұстанымы үшін өте маңызды. Саясатта келіспеушіліктер тудыруы мүмкін, сондықтан да қауіпті қадам», - дейді ол.

Қытай Ата заңдарына енгізілген тағы бір өзгеріс - вице-президент билігінің шексіздігі. Сарапшылар бұл қызметке Қытай жемқорлықпен күресу агенттігінің бұрынғы басшысы Ван Цишань келеді деп болжап отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: