Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда үш қыздан таяқ жеген жасөспірімнің әжесі полицияға арыз жазды

Талдықорғанда үш қыздан таяқ жеген қыздың әжесі полицияға арыз жазды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 23:06 Cурет: видео скрині
Талдықорғанда үш қыздан таяқ жеген жасөспірімнің әжесі полицияға арыз жазды. Ол бұған дейін арыз беруден бас тартқан еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал құрбысын ұрды деп айыпталған мектеп оқушыларының ата-аналарына айыппұл салынды. Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен әр отбасына 20 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды, бұл – 69 мың теңге.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, құқық бұзған қыздарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу әлі де жалғасып жатыр.

"Жәбірленуші оқушы қыздың өкілі (оның әжесі) бастапқыда арыз беруден бас тартқан. Алайда кеше қалалық полицияға арызданды. Қыз емделу және толық медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылды. Іс жүзінде қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген жазбада.

Полиция жанжалға қатысушыларға қатысты басқа да фактілерді тексеріп жатыр. Бейнежазбаның авторы кәмелетке толмаған қыздардың 19 жастағы танысы болып шықты. Ол да анықталып, полицияға жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Кәмелетке толмаған қыздардың әрекеттерін білім беру органдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын арнайы құрылған комиссия қарастырады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде осы тақырыпқа қатысты балағат сөздермен видеоүндеу жариялаған тағы бір кәмелетке толмаған қыздың ата-анасына айыппұл салынды. Сонымен бірге қыздың өзіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша материал жиналды", - деп хабарлады Polisia.kz.

Еске салайық, 9 қаңтарда әлеуметтік желілерде Талдықорғанда белгісіз үш қыздың кәмелетке толмаған қызды ұрып жатқан видеосы тарады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: