Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрлігі басшысының бұрынғы орынбасарының үстінен полицияға арыз жазды

Ажар Ғиният арыз жазды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2023 15:01 Сурет: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі
Экс-министр Елжан Біртановпен бірге сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған үкімнің үстінен аппеляциялық шағым түсірген ДСМ бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевқа Денсаулық сақтау министрлігінің қазіргі басшысы Ажар Ғиният полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Апелляциялық сот отырысында Олжас Әбішевтің қорғаушысы Фатима Берсанова қорғауындағы азаматқа қатысты мәлімдемені айтып берді.


"Кеше бізге Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінен Олжас Әбішевтің апелляциялық шағымынан кейін оның үстінен арыз түскені туралы хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәлімдемесі.Олжас Әбішевтің қолы бос емес екенін ескере отырып, мен оның адвокаты ретінде өз құзыретім шегінде ішкі істер бөліміне жүгіндім. Әбішевтің құқығын бұзып, арызды оқуға рұқсат бермеді, тек жалпы түрде оның тікелей осы қылмыстық іске қатыстылығын түсіндірді.Менің ойымша, Әбішев мырзаға оның сөзінен кейін қысым жасалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде бастан кешірген қысымның тағы бір раунды басталады". Заңгер Фатима Берсанова

Адвокат соттан үзіліс жариялауды және түстен кейін өзіне және оның қорғалуына арызды оқып, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беруді сұрады. Өтініш Әбішевтің ғана емес, Біртановтың да қорғаушылары тарапынан қолдау тапты.

Олжас Әбішев бұл мәлімдемеге таңданысты.

"Маған полициядан телефон соқты, олар осы сотта айтылған материалдарға байланысты қазіргі Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният ханымның үстімнен шағым түсіргенін айтты. Меі таңқалдым, бұл материалдардың барлығы ашық көздерден алынды, бұл инсайдерлік ақпарат емес. Арыз неліктен мен пайдаланған ақпарат орналастырылған БАҚ пен веб-сайттарға емес, жеке өзіме қарсы жасалғаны түсініксіз". Олжас Әбішев

Сот залында отырған Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің түсіндіруінше, мәлімдеме Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі тоқтату және оларға тағылған айыпты алып тастау туралы электронды өтінішке сілтеме жасап отыр. Қол қойғандар арасында Ажар Ғиният та бар екен, ал Олжас Әбішев үндеу жариялау кезінде қол қойғандар тізімінде оның деректері көрсетілген экранды көрсетті.Министр полицияға жазған өтінішінде петицияны қолдап электронды қолтаңбасын қоймағанын айтты.

Апелляциялық алқаның шешімін Астана қалалық сотының судьясы Айбек Әмірғалиев жария етті. Сот отырысын кейінге қалдырмау туралы шешім қабылданды және процесті өткізу жоспарына сәйкес Әбішев пен оның қорғаушылары ертең күннің бірінші жартысында арызды зерделеп үлгереді.

Еске салайық, 2022 жылғы 28 қазанда бірінші сатыдағы сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 бабының 4 тармағының 1 бөлігінде көзделген "Лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу, Әбішевке төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғандардың екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынған.

Сондай-ақ, Әбішев пен Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 млрд теңге өндіруге міндеттелді.

2022 жылдың 27 желтоқсанында Астана қалалық сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: