Жаңалықтар тізбегі
0

Орал тұрғындары шатырларға қатқан сүңгі мұздан қауіптенуде

stroyobzor.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2018 16:39 stroyobzor.ua
Пәтер иелері кооперативтері қауіпті тұстарды оқшаулап, сүңгіден дер кезінде арылтып тұруы тиіс.

Наурыз айы ортасына таяса да, Оралда көктемнің нышаны білінер емес. Көшелерде әлі де ақ қар, көк мұз сіресіп жатыр, деп жазады Хабар 24 телеарнасы.

«Дегенмен күннің күрт құбылуынан үйлердің шатырына қатқан сүңгіден абай болған абзал», – дейді тұрғындар.

Осыған байланысты қазір жол пайдалану кәсіпорнының жұмысшылары жаяу жүргіншілер жүретін жолдарға құм мен тұз араласқан арнайы қоспа төсеп жатыр. Айта кетерлігі, қала бойынша осы мақсатқа 12 мың тонна қоспа дайындалған. Шаһар басшылығы барлық жекеменшік ғимараттардың иелеріне төбеге қатқан мұздарды тазартуды тапсырып отыр. Ал пәтер иелері кооперативтері қауіпті тұстарды оқшаулап, сүңгіден дер кезінде арылтып тұруы тиіс.

Марат Тұрашев, қала тұрғыны: – Ертерек мұз қатпай тұрғанда, үй иелері немесе сол жердегі қоғамдық ұйымдар мұзды ерте алу керек. Мұзды күн қызғанда алып тастау қажет. Қазір наурыз айының екінші жартысында қар ери бастайды. Жол тазалайтын мекеменің жұмысшылары ертерек қамдануы керек.

Радмир Жасенов, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы: – Көппәтерлі үй тұрғындарының денсаулығына зақым келмес үшін мұз сүңгілерін алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар жалғасады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: