Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде 20-ға жуық тұрғын үй жылусыз қалмақ

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2018 22:18 Хабар 24
Себебі бұл үйлер әлі күнге дейін әділет департаментіне тіркелмеген және пәтер иелері кооперативі жоқ.

Ақтөбедегі 20-ға жуық көп қабатты үйдің тұрғындарына жарықсыз, жылусыз, сусыз қалу қаупі төніп тұр. Шаһардың коммуналдық қызметтері халықтың қауіпсіздігі үшін оларды барлық игіліктен ажыратқалы отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Себебі бұл үйлер әлі күнге дейін әділет департаментіне тіркелмеген және пәтер иелері кооперативі жоқ. Сәйкесінше жертөлелері жыл сайын суға толып, тесік шатырлардан жаңбыр сорғалауда. Ал билік кондоминимум немесе пәтер иелері кооперативін құру туралы ұсыныс айтқан. Бірақ оны тұрғындар неліктен ескермей отыр?

Ботагөз Тәжбенова ескі жатақханадағы пәтерінің қабырғаларын күнделікті химиялық қоспалармен сүртіп отыруға мәжбүр. Қолқаны қабатын қолаңса иіс пен барлық үйді жайлаған саңырауқұлақтардан құтылудың жалғыз жолы осы дейді. Баспанасы екінші қабатта болғанына қарамастан жертөледен көтерілетін ылғалдан еденнен бастап төбеге дейін көктеп кететін көрінеді.

- Көмектеспейді ешкім. Өзіміз ақша жинайық та деп айттым мен. Бәріміз жиналайық, үйді аралайық дедік кеше. Ешкім шыққан жоқ. 1-2 әйел шықты. Болды. Білмеймін енді не істеу керектігін мына общаганы. Біз кеткіміз келеді. Бірақ қайда барамыз біз? Балаларымыз бар, -дейді Ақтөбе қаласы тұрғыны Райгүл Есжанова.

- Бұл баспананың жертөлесіне он қадамнан артық кіру мүмкін емес. Белуардан келетін су үйдің астын толығымен жайлаған. Ал істен шыққан кәріз жүйесін бір де бір маман жөндеуге келісім бермепті. Қыстың қақаған қырық градус аязына қарамастан бұл жертөледе масалар әлі де болса ұшып жүр, - деді тілші Мансұр Есқожин.

Сержан Жаманқұлов көшесі бойында орналасқан бұл жатақхананың жайын жергілікті билік жақсы біледі. Барлық коммуналдық жүйесі әбден тозған. Ал оны жөндеуді қолға алатын адамның қарасы көрінбейді. Иесі де, басқарма жүйесі де жоқ. Ақтөбеде дәл осындай жағдайда тұрған 20 көпқабатты тұрғын үй бар. Шаһарды жылу және ыстық сумен қамтамассыз ететін мекеме өкілдері бұл баспаналарға қызмет көрсету қауіпті деп отыр.

- Үйлердің құбырлары өте нашар. Жарылайын деп тұр. Құбырларға керекті агрегаттар, аппараттар жоқ. Ия кішкентай бала болсын, ия ересек адам болсын күйіп қалуы мүмкін, - дейді «Трансэнерго» АҚ №3 жүйелік ауданының жетекшісі, Серік Сатанов.

Коммуналдық мекемелерге қарызы көп үйлер де бар. Мәселен, Земледельческая, 6 мекен-жайындағы мына көпқабатты үй тұрғындары тек жылу мен ыстық судың өзіне жарты миллион теңге қарыз екен. Шенеуніктер тығырықтан шығатын тек бір ғана жол бар дейді. Ортақ келісіммен басқарма жүйесін құрып, әділет органдарына тіркеу. Содан соң қаражат жинап, қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу.

- Ол үйлердің арасында қиратуға жататын үйлер жоқ. Қазіргі таңда оларға тек қана күрделі жөндеу керек. Және басқарушы орган керек. Кейбір жерлерде күрделі жөндеу емес, жаңағы ағымдағы жөндеуменнен де мәселені шешуге болатын үйлер бар, - дейді қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Хайдар Ермашев.

Жағдайды ушықтырып тұрған бұл үйлердегі пәтерлердің дені жалға беріледі. Иелері ақысын алатын кезде ғана қара көрсететін көрінеді. Ал жертөле, коммуналдық жүйелері мен шатырын жөндеу сияқты мәселелерге бас қатырғылары жоқ. Жағдай осы қалыпта жалғасатын болса келесі қысты тұрғындар жылу мен жарықсыз қарсы алатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: