Жаңалықтар тізбегі
0

Алдында тұрғын үйлері бүлінген Зерделіде тағы бір үй бүлінді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48 zakon.kz
2019 жылдың желтоқсан айында осы ықшамаудандағы тұрғын үйлер қисайып, ақырында пәтер иелері басқа жаққа уақытша көшірілген еді.

Алматыдағы Зерделі ықшам ауданында қатты жел тұрғын үйдің сыртқы қалың сылағын сыпырып түсірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерге жүктеліп, тарап жатыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48

- Сұмдық, Алғабастағы (Зерделі) 36 үй, тағы да бүлініп жатыр. Бүгін үйдің сыртқы қалың сылағы сыпырылып, жел ұшырып әкетті, - делінген видеоның астында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, оқыс оқиға 4 қыркүйекте сағат 12: 55-те болған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 22:48

Қатты соққан жел 5 қабатты тұрғын үйдің батыс бөлігіндегі сыртқы қабырғасының шамамен 40 шаршы метр қалың сылағын жұлып әкетті. Зардап шеккендер жоқ. Алатау аудандық әкімдігінің қызметкерлері сол жерде жұмыс істеп жатыр, қазіргі уақытта КСК өкілі апат орнына қоршау орнатуда, - деп хабарлады ТЖД хабарламасында.

Zakon.kz тілшісі апатты үйдің тұрғынымен сөйлесті. Ол үйдің қаптамасы жұлынып қалғанын бірден байқамаған.

- Бірден байқамадым. Мен кіреберісті жөндеу туралы жиналыс өтеді деген соң көпқабатты үйдің алдына шығып тұрғанмын, сол кезде ғана оны көзім шалды. Біз KСK-ға қоңырау шалдық, қазір соларды күтіп отырмыз. Оны енді кім жасайды, білмеймін. Оның қыста емес, қазір түсіп қалғаны да жақсы болған секілді", - дейді ол.

Редакция түсінік алу үшін әкімдікке сауал жолдады.

Айта кету керек, 2019 жылдың желтоқсан айында осы ықшам аудандағы тағы бір тұрғын үй қисайып, пәтер иелері уақытша басқа жаққа көшірілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: