Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде тұрғын үйлерді сапасыз салу бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтөбеде тұрғын үйлерді сапасыз салу бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 10:24 Сурет: Zakon.kz
Көппәтерлі тұрғын үйлер 2019 жылдың қазан айында пайдалануға берілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 278-бабының 2-бөлігі және 280-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық, сапасыз салынған құрылыс және сараптамалық жұмыстарды немесе инжинирингтiк қызметтер көрсетуді тиісінше орындамау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Мәселен, 2018 жылы Ақтөбе құрылыс басқармасы мен "Машат" ЖШС-гі арасында Ақтөбе қаласында жалпы сомасы 337 миллион теңгеден астам 24 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысына келісімдер жасалған. Тұрғын үйлердің құрылысы кейіннен қосалқы мердігер "Агро-Сервис" ЖШС-не берілген.

Көппәтерлі тұрғын үйлер 2019 жылдың қазан айында пайдалануға берілген.

Алайда құрылыс аяқталғаннан кейін үйлердің іргетасында әртүрлі деформациялар (жарықтар) пайда болған.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, үйлер апатты жағдайда, пайдалануға жарамсыз және бұзуға ұсынылған. Іргетас бетон блоктарының техникалық сипаттамалары ГОСТ талаптарына сәйкес келмейді.

Жиналған дәлелдемелердің негізінде күдіктілерге қатысты "үйқамақ", сондай-ақ "кепіл" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Қазіргі уақытта облыс прокуратурасымен төрт күдіктіге қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін, Ақтөбе қаласының №2 сотына жолданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: