Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әли Оқапов анасының тегінен не себепті бас тартқанын түсіндірді

Әли өмірінде үш рет тегін ауыстырыпты.

Сурет : Stan.kz15 Наурыз 2018, 12:21

Неге, Әли – Оқапов, Мәди – Рымбаев? Екі түрлі текті еншілеген Халық әртісінің қос ұлына, бұл сұрақ жиі жолданады екен. Осы уақытқа дейін мұның себебін сыр қылып сақтап келген Роза ханымның тұңғышы, бұл жолы барлық құпияны ашуға әзір. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Әли өмірінде үш рет тегін ауыстырыпты. Алғашқысы Оқапов, екінші тегі Тасқынұлы, кейін әкесі бақилық болған сәтте құжатын Рымбаевқа өзгерткен.

“Саған көмек болады, мен әрқашан жаныңда жүрмеймін дегендей анам сондай шешім қабылады. Енді, қиын замандардың бәрі өтіп кеткен сияқты. Сондықтан, мен өз тегімді қайтып алсам, қарсы емессің бе дегендей ой жеткіздім. Әрине анам қарсы болған жоқ”, – дейді Әли.

Ал, төлқұжатына анасының тегін жазған Мәдидің таңдауын ағасы былайша түсіндіреді.

“Мен Рымбаев болған кезде Мәди де дүниеге келді. Сондықтан Мәди де автоматты түрде Рымбаев болып кетті бірден. Бізде күткенбіз мүмкін 16 жасында ол да ауыстыра ма дегендей. Өзі шешсін деп”, – дейді Оқапов.

Бірақ Роза ханымның кенжесі тегін ауыстырмады! Мәди бүгінде Рымбаев тегімен тыңдарманына танымал.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер