Әли Оқапов: "Оралатын кез келген сияқты"
2023 жылғы 26 қазанда Әли Оқаповтың "Құрмет" орденімен марапатталғаны белгілі болды. Жанкүйерлері мен әріптестері оны құттықтауға кірісіп кетті, алайда бұл жаңалық әлеуметтік желі қолданушыларының бәрін бірдей қуанта қойған жоқ. Хейттің астында қалған Әли Оқапов видеоүндеу жариялап, 32 жыл бойы алған "барлық музыкалық наградалардан бас тарту жөнінде шешім қабылдағанын" жеткізді. Осы жайт жөнінде мәдениет министрі Аида Балаева пікір білдіріп, "Аты аңызға айналған анасына байланысты көпшілік Әли Оқаповтың шығармашылығына күмәнмен қарайды" атап өтті.
"Оралатын кезк елген сияқты. Тағы видеоүндеу жазсам ба деп ойладым, бірақ оны қатты ұната қоймаймын әрі қажеті қанша? Одан сериал жасағым келмейді. Жақында Динара Сәтжанмен сұхбатым жарыққа шығады, сонда ойымызды бөлістік деп үміттенемін. Бұдан бұлай бұл тақырыпта сөйлемеймін, қоңыраулар мен ұсыныстар көп, бірақ мен үшін бұл ақпарт шығаруға спекуляция, сандар төмендеуі үшін әдейі үзіліс жасадым. Енді жай ғана өмірді әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын", – деп жазды Әли Оқапов 6 қараша күні.
Оның айтуынша, осы күндері ол қатты ауырып, қызуы көтеріліп, жатып қалған, әлі емделіп жатыр.
"Стресстен кейін үнемі осылай болады, дегенмен мен тағы 3 келі салмақ тастадым. "Шайқасқа қарттар ғана шығады" деген сөздің жаны бар. Түсінгендер түсінді. Әдеттегідей отбасым жанымда, әдеттегідей құтқарып жатыр. Мені бұл күйден шығару үшін бәрі бір апта үзіліс алып, сүйікті еліме барып демалып келуді шешіп отыр. Зейінге сапардың пайдасы тиетіні анық. Балалар демалыста тез өсіп, дәрумен алады. Ойлануға немесе мүлде ештеңені ойламауға уақыт болады". Әли Оқапов
Әнші қолдау білдіргендеге және хейт жасағандарға алғысын білдіріп, хейт оның өмірі мен жұмысының бір бөлігі екенін айтты.