Жаңалықтар тізбегі
0

Аида Балаева Әли Оқаповтың "Құрмет" орденімен марапатталуына байланысты келеңсіз жайтқа пікір білдірді

Әли Оқапов, марапат, Роза Рымбаева, "Құрмет" ордені, әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2023 20:42 Сурет: primeminister.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Әли Оқаповтың "Құрмет" орденімен марапатталуына байланысты әлеуметтік желідегі жанжалға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік басшысы кейбір сарапшылар түрлі мәдениет қайраткерлерінің жеке қасиеттерін бағалау кезінде жиі біржақтылық пен теріс пікірге жол беретінін атап өтті. Әсіресе елге танымал адамдардың балалары жөніндеге пікір сондай.

"Аты аңызға айналған анасына байланысты көпшілік Әли Оқаповтың шығармашылығына күмәнмен қарайды. Бірақ мен көп жылдар бойы жас орындаушылардың шығармашылығын, даму жолын мұқият қадағалап келемін және Әли де анасы сияқты еңбекқор, сахна шебері, өз көрерменіне, аудиториясына зор құрметпен қарайтын жоғары білімді талантты өнерпаз. Әли де Роза Қуанышқызы сияқты патриот", – деді Аида Балаева.

Мәдениет министрі әншіні қорғап, оның отбасының шығармашылық мұрасына үлкен құрметпен қарайтынын және марқұм әкесінің ісін жалғастырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Әли Оқапов әкесі Тасқын Оқапов жетекшілік ететін аты аңызға айналған "Арай" ансамблінің жұмысын қайта жалғастырып, "А-Студио" тобының әндеріне жаңаша үн беріп, жас өнерпаздарға көмек қолыни созып келеді. Министр оның әндері тіпті Қорғаныс министрлігінің іс-шараларында орындалатынын айтты.

"Мен бұл нағыз еңбек адамының үлгісі деп есептеймін. Ал адал еңбек қашанда жоғары бағаланады. Сондықтан баға берген кезде артисттің шыққан тегіне қарамастан объективті болуымыз керек деп есептеймін. Әли Оқаповтың марапаты жастарымызға үлгі болады әрі оларды ынталандырады". Аида Балаева

Әлеуметтік желіде әнші Әли Оқаповқа "Құрмет" орденінің берілуіне қатысты келеңсіз жайт туындады. Көптеген қолданушы бұл жағдайды теріс қабылдаған соң, Әли Оқапов бұрын алған барлық марапаттарынан бас тартатынын мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: