Балаева еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге қатысты пікір білдірді
Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде пайда болған фейк ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Құрметті достар! Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды.Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда", деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ ол арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқанын да нақтылайды (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда).
"Сондай-ақ, елде ірі митингілер мен жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр деген жалған хабарлар таратылып, Конституцияның жекелеген баптарын әдейі бұрмалап түсіндіру фактілері де кездесуде. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал парақшаларға техникалық шабуылдар жасалып жатқаны туралы да хабарлар түсіп отыр. Қазіргі уақытта уәкілетті орган ретінде біз бұл жағдайды жан-жақты зерделеп, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Осыған байланысты тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамын. Жалған ақпарат тарату қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады", - дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары.
Бұған дейін ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, ресми мәлімдеме жасаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript