Ақпарат министрі Аида Балаева Orda және "ҚазТАГ" жағдайына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 11:07 Фото: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 10 желтоқсанда Қазақстанның Orda және "ҚазТАГ" БАҚ-ына қатысты жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аида Балаева өз Facebook парақшасында Қазақстан медиасаласында Министрлік ерекше бақылауда ұстайтын сот процестері талқыланып жатқанын атап өтті.

"Бүгінде Қазақстанның медиа кеңістігінде бірнеше сот процесі өтуіне байланысты талқы жүріп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процестерді, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр. Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек. Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты." Аида Балаева

Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс, – деп пайымдады Балаева.

"Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін. Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз. Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін." Аида Балаева

Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын, – деп ойын түйді Премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі.

Бұған дейін БАҚ-та "ҚазТАГ" жетекшілері – бас директор Асет Матаев пен бас редактор Амир Қасеновке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Orda.kz басылымының редакциясында және оның бас редакторы Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізілген. Алматы полициясының дерегінше, Бажкеноваға бірнеше рет қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта ол үй қамағында отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: