Жаңалықтар тізбегі
0

Миллиондаған сириялықтың назары Астанаға ауып тұр - Сергей Лавров

cdn.news-front.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2018 18:50 cdn.news-front.info
БАҚ Қазақстан елордасының атауын айтқан кезде миллиондаған сириялық Астана жаққа үмітпен қарайды - Лавров.

Миллиондаған сириялықтың назары Астанаға ауып тұр. Бұл туралы бүгін елордада басталған Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана процесі басталғаннан бері Астана халықаралық күн тәртіптегі ең өткір мәселелердің бірі - Сирия мәселесін реттеу бойынша шешім қабылданатын маңызды алаңға айналды. Егер үлкен екпін қоя айтар болсақ, БАҚ Қазақстан елордасының атауын айтқан кезде миллиондаған сириялық Астана жаққа үмітпен қарайды», - деді Ресей Сыртқы істер министрі.

Осы ретте ол Ресей, Иран және Түркияның осыдан бір жыл бұрын құрған Астана форматы өзінің қажеттілігін көрсетіп отыр.

«Іс жүзінде деэскалация аймағы жұмыс істеп тұр, гуманитарлық минасыздандыру ұстанымы әзірленді. Қолға түскен тұтқындарды босату жөніндегі жұмыс тобы құрылып, кеше олар осы жерде өнімді кеңес өткізді. Әрине, біз де белгілі бір деңгейде гуманитарлық көмек жеткізуді жеңілдетіп, БҰҰ қамқорлығындағы 2254 қарар негізінде толыққанды саяси процесті жаңғырту үшін жағдай жасадық», - деді Сергей Лавров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: