Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Астанада 50 адам улы газбен уланды

Улы газдан қаза тапқандар саны бойынша Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстары алдынғы орында.

Сурет : elorda.info16 Наурыз 2018, 15:48

Астана көміртегі тотығына уланып, зардап шеккендер көрсеткіші бойынша ШҚО-дан кейін екінші орында тұр, деп хабарлайды Елорда Инфо ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2017-2018 жылдар аралығындағы жылыту маусымында (2017 жылдың 15 қазан мен 2018 жылдың 28 ақпан аралығында) угар газымен уланған 66 адам көз жұмып, 227 адам жарақат алды.

«Өткен жылдарен салыстырғанда жылыту маусымы кезінде көміртегі тотығына уланып көз жұмығандар саны 4,3% (2016-2017 жылдары – 69 адам), жарақат алғандар саны үш есеге азайды (2016-2017 жылдары - 637 адам)», - делінген ІІМ ТЖК таратқан хабарламада.

Улы газдан қаза тапқандар саны бойынша Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстары алдынғы орында.

«Улы газ салдарынан жарақат алып зардап шеккендер көрсеткіші бойынша Шығыс-Қазақстан облысы (70 адам), Астана қаласы (50 адам), Алматы облысы (15 адам), Атырау (14 адам) және Павлодар облысында (14 адам) тіркелді», -деді комитетте.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер