Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан төрт адам ажал құшты

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2018 17:33 Sputniknews.kz
Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік соқтығысты, қаза тапқандар бар.

Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты, біреуі жас сәби, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желі қолданушылары Булаево-Қоскөл тас жолындағы апат орнында түсірілген видеоны жариялаған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, ВАЗ 2110 мен "Фольксваген универсал" бетпе-бет соқтығысыпты.

"ВАЗ 2110 жүргізушісі мен оның әйелі бірден ажал құшқан, "Фольксваген" жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, бір айлық сәби ауруханада шетінеп кетті, тағы екі әйел зардап шеккен – біреуі өлім ауызында жатыр, екіншісі қатты қорқып, есеңгіреп қалған", — деп жазады жол апатының куәгерлері.

СҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінде жантүршігерлік жол апаты туралы ақпаратты растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: