Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Дертінен айыққан Жанар Дұғалова қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Америкаға аттанып, тыңдармандарын жаңа туындылармен қуантуды сиреткен Жанар Дұғалова, соңғы кездері тек шығармашылық басқосуларда төбе көрсетуде.

Сурет : Stan.kz20 Наурыз 2018, 14:42

Кезінде күллі түркі тыңдармандарының жүрегін жаулаған Жанар Дұғалова, соңғы кездері көп көрінбейді. Тіпті, әнші ұзақ уақытқа шетел асып кеткен де болатын. Көзден таса болған арудың айтуынша, оның бұл әрекетіне алаңдауға тұрарлық өз себептері бар. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Америкаға аттанып, тыңдармандарын жаңа туындылармен қуантуды сиреткен Жанар Дұғалова, соңғы кездері тек шығармашылық басқосуларда төбе көрсетуде. Алайда, әнші мұны өнерге қайта оралу деп есептемейді.

“Енді, камбэк деп айтуға болмайтын шығар. Өйткені жаңа туындыны, бейнебаянды ұсынсаң камбэк деп айтуға болады”, – дейді Жанар.

Тыңдармандарын сағындырған өнерпаз шетелге оқу үшін бардым дейді. Оның үстіне, арудың шығармашылығының тоқтап қалуының тағы бір себебі бар.

“Денсаулыққа байланысты деп айтуға болады. Бірақ, барлығы артта қазір. Ақырындап-ақырындап формаға келіп жатырмын. Сондықтан да, жаттығуларды қайтадан бастадым”, – дейді Дұғалова.

Дұғалова, өз өнерін жандандыруға да қайта кіріспек. Мәселен ол, көп ұзамай қырғыз әншімен ортақ туынды жазуға ниетті.

“Мейірбек Атабековпен болашақта дуэт болады. Бұл әнді саундтрек ретінде шығару керек болғанбыз. Бірақ, бір жағдайларға байланысты саундтрэк емес, кейін жеке бейнебаян қылып шығарамыз Құдай қаласа”, – дейді әнші.

Жанарды жуық арада қырғыз сахнасынан көріп қалсаңыз да таңқалмаңыз. Ал, оған дейін әнші жұмысына жан бітіруге білек сыбана кіріспек.

“Алаңдап, денсаулығымды ойлап жазып жатқан көрермендеріме көп рахмет. Мен оны бағалаймын. Және де жақын арада, оларды, құрметті көрерменді жаңалықтарыммен қуантатын боламын”, – дейді Жанар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер