Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде соңғы екі апта бойы сұйытылған газ болмай, жүргізушілер абыр-сабыр

Автогаз, Ақтөбе, тапшылық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 21:24 Сурет: Zakon.kz/Инна Литвиненко
Ақтөбеде соңғы екі аптадан бері сұйытылған газ тапшы. Жанар-жағармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек, кейбір бекеттер тек талон бойынша қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana.tv мәліметінше, автогаз бекеттеріндегі кезек, кейбірінің тек талонмен газды босатуы - осы өңірде жыл сайын қайталатын құбылыс. Өңірге тамыз айына 12 мың 461 тонна автогаз бөлінген. Соның 11 мың тоннадан астамы бүгінде жанармай құю бекеттеріне таратылды. Қазір тапшылыққа байланысты зауыттардан қосымша сұйық отын сұратылып жатқан көрінеді.

"Қазіргі таңда бізде 1711 тонна қосымша бөлініп тұр. "СНПС Ақтөбе мұнайгаз", Казахойл және Жайық мұнай деген Батыс Қазақстан облысынан , оның 626 тоннасы тасымалданды. 1085 тоннасы жолда келе жатыр". Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев

Телеарнаның болжамынша, қыркүйек айында да осындай жағдай қайталануы мүмкін. Себебі мамандар Ақтөбе облысының негізгі сұйытылған газды тұтыну көлемі айына 15,16 тоннаға жететіндігін айтып отыр.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: