Ақтөбеде автогаз тапшы болып тұр
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбедегі газ құю бекетінде кезек көбейіп, кейбірінде тек талон сұрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақтөбедегі газ құю бекеттерінде жүргізушілер 30 минут, кейде сағат бойы кезек күтуге мәжбүр. Сұйытылған отынның тапшылығы осы аптада анық сезілген. Бұл туралы "ҚазАқпарат" хабарлады.
Қала тұрғыны Артур Шориннің айтуынша, бүгін ол 30 минут бойы кезек күткен. Бұл жағдайдың басталғанына бір апта болған.
Ал Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, газ бар, бірақ жеткізу жұмыстары енді басталған.
"Биыл тамыз айында ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына 12 394 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді. 1 тамыздан бастап осы күнге дейін өңір қажеттілігі үшін үш өндіруші зауыттан 463 тонна сұйытылған мұнай газы жеткізілген. Бұдан басқа, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ зауытында қазіргі уақытта жалпы көлемі 1 116 тонна сұйытылған мұнай газы бар 31 вагон-цистерна жөнелтілуге дайын. Өнім облыстың автогаз құю станцияларына жеткізіледі. Өндіруші зауыттардың ақпаратына сәйкес, сұйылтылған мұнай газын жөнелту бекітілген кестелер бойынша жүргізіледі. Бұл мәселе – облыс басшылығының бақылауында".Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript