Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева әлемдік рейтингте ТОП-15-ке енді

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 14-орында тұр.

Конькишілердің халықаралық одағы (ISU) мәнерлеп сырғанау бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Әйелдер арасында бірінші орынды канадалық спортшы Кэйтлин Осмонд иеленді. Сондай-ақ, алғашқы 5-тікке ресейлік үш мәнерлеп сырғанаушы - Евгения Медведева, Мария Сотскова, Алина Загитова және жапон қызы Сатоко Мияхара енді.

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 14-орында тұр.

Одан бөлек, рейтингке тағы үш қазақстандық спортшы енген: Айза Мамбекова - 95, Жансая Адыханова - 196 және Алана Тоқтарова - 261-орында.

Ерлер арасында жапондық Юдзуру Ханю топ бастап тұр. Екінші орынға оның отандасы Сома Уно табан тіреген. Одан бөлек үздік бестікке америкалық Нэтан Чен, ресейлік Михаил Коляда, испандық Хавьер Фернандес енді.

Қазақстандық Денис Тен 31-ші орынды місе тұтты.

Тағы екі отандасымыз тізімге енген: Абзал Рахымғалиев - 92, Артур Панихин - 199-ші.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз