Жаңалықтар тізбегі
0

Элизабет Тұрсынбаева - «Жылдың үздік жас спортшысы»!

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 15:34 Zakon.kz
Элизабет - әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен «Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы бойынша жерлесіміз, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Жылдың үздік жас спортшысы» атағына ие болды. Ол сауалнама қорытындысы бойынша 4100 дауыс жинады.

Элизабет - әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР 4 дүркін чемпионы, қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарының және VIII қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің көпдүркін жеңімпазы және жүлдегері.

Жақында, 25-28 қазанда Минскіде өткен халықаралық «ICE STAR» турнирінде Элизабет бірінші орынды иеленіп, Қазақстанның әнұранын шырқатты. Ал 15-19 қараша аралығында Франциядағы Гран-При жарысында екі бағдарлама бойынша 200 ұпаймен рекордтық көрсеткішке ие болды.
25 қарашада Шанхайда өткен «Shanghai Trophy» турнирінде жеке сырғанауда күміс жүлдені иеленді.

Сондай-ақ, ол биылғы жылы Хельсинкидегі әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет Кореяда өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды.






zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: