Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауының қазылар алқасының құрамына енді

Тoday.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2018 18:47 Тoday.kz
Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Димаш Құдайберген Беларусь елінде өтетін "Славян базары" байқауының қазылар алқасының құрамына енді, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы Димаштың өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Бұл байқаудың менің өмірімде алатын орны ерекше. Қазақстан мен шетелдің халықаралық байқауларында жеңіске жетіп, түрлі концертінде, тв жобасында өнер көрсеткен соң "Славян базары" байқауынан жеңіске жеткеннен кейін дәл осы Беларусь елінде өзімді белгілі әртіс ретінде сезіндім. Мен бұл байқауды және бір кездері үлкен эстрадаға шығып өз елімнің мәдениетін таныстыруыма мүмкіндік берген осындау таңғажайып елді қатты жақсы көремін. Осы жылы "Славян базарында" қонақ ретінде өнер көрсетемін және қазылар алқасының мүшесі боламын. Кездескенше, Беларусь! Шілдеде көрісеміз", – деді Димаш.

Димаш барлық жанкүйерін өзімен бірге Беларусь еліне шақырды.

Осы жылы аталған байқау 12 шілдеде ашылады.

Естеріңізге салайық, Димаш Құдайберген "Славян базары – 2015" байқауынан бас жүлдені жеңіп алған соң, халыққа кеңінен танылған еді. 2017 жылы Қытайда өткен I am a singer жобасы арқылы ТМД елдеріне танылған Димаш "Славян базары" сахнасында қонақ ретінде өнер көрсетіп, жергілікті халықтың зор қошеметіне бөленді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: