Димаш Құдайберген "Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін" номинациясымен марапатталды
Алматыда "Жыл таңдауы-2017" ұлттық музыкалық жүлдесінің марапаттау рәсімі болып өтті, - деп хабарлайды Today.kz.
145 әртістің ішінен дауыс беру жүйесімен 70 әртіс таңдалды, олар15 аталым бойынша бақ сынады.
Өзге өнерпаздардан оқ бойы озық шығып, "Жыл таңдауы - 2017" жүлдесін жеңіп алған әртістер қатарында Тоқтар мен Бейбіт, Тамара Асар, Ерке Есмахан, Әли Оқапов, Айдана Меденова, Иса Әлимұсаев пен Фарида Жолдасова, 91 тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Жанболат пен Жазира, "Алашұлы" тобы, "Музартлайф" тобы, Нұрболат Абдуллиндер бар.
Ал Димаш Құдайберген "Қазақ музыка өнеріне қосқан үлесі үшін" номинациясымен марапатталды. Димаштың өзі жеке концертіне дайындалып жатқандықтан шетелден келе алмағанымен, көрерменге видео арқылы сәлем жолдады.
Айта кетейік, "Жыл таңдауы - 2017" байқауының ұйымдастырушысы - продюсер Жан Мұқанов.