Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Кемероводағы өртке қатысты істе жаңа куәгерлер пайда болды

Өрт жағдайы бойынша үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сурет : Baq.kz2 Сәуір 2018, 16:27

Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда-ойын-сауық орталығында болған өрт ісіне қатысты қосымша куәгерлер пайда болды. Бұл туралы Сібір федералдық округі президентінің уәкілетті өкілі Сергей Меняло мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бүгін Тергеу комитетімен сөйлестім, қосымша куәгерлер бар. Есікті құлыптап кетті немесе құлыптап кетпеді деген екіжақты пікір болмас үшін Тергеу комитеті сіздерге бәрін ашық түрде жариялайтын болады. Бірақ «тергеу амалдарының құпиялығы» деген түсінік бар», - дейді ол.

1 сәуір күні «YouTube» желісінде өртеніп жатқан сауда орталығының бақылау камерасынан түсірілген видео жарияланды. Өрттің басы мен эвакуациялау кезіндегі сығылыс көріністері бар бейнероликті өрт кесірінен отбасынан айырылып қалған кемероволық Игорь Востриков жариялаған.

Еске сала кетсек, өрт жағдайы бойынша үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеті адам ұсталды, оның ішінде өрт қауіпсіздігіне жауап беретіндер де бар.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер